Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қуаныш ауылының 1965 жылы туған азаматтары ауыл мешітіне қайырымдылық көмек көрсетіп, құлшылық ордасына брусчатка мен орындықтар сыйға тартты.
Игі бастама Қуаныш ауылдық мешітінің имамы Омарбеков Бауыржан Сейдуәлиұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Ауыл азаматтары туған жердің рухани ордасына қолдау білдіріп, мешіт аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Атап айтқанда, мешіт ауласына төселетін брусчатка мен жамағатқа қажетті орындықтар тарту етіліп, құлшылық етушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік туды.
Жомарттық танытып, мешіттің көркеюіне үлес қосқан азаматтарға мешіт имамы мен жамағат атынан алғыс білдірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы