Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданында 92 жастағы қарияға құрмет көрсетілді
Шет ауданында 92 жастағы қарияға құрмет көрсетілді

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы 1 - қазан қарттар күніне орай 92 жасқа толған Социял ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, қарияны мерейлі жасымен құттықтады.

Ізгі жүздесу барысында мешіт имамы ақсақалға өзінің жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, елге еткен еңбегіне, кейінгі ұрпаққа көрсетіп жүрген өнегесіне алғысын білдірді.

Қарияға құрмет белгісі ретінде иығына шапан жауып, кілем тарту етіп, арнайы Алғыс хат табыстады. Бұл – үлкенге құрмет көрсетіп, ақсақалдардың батасы мен өмірлік тәжірибесін қадірлеудің жарқын үлгісі.

Өз кезегінде Сопы ақсақал мешіт имамына және ізгі ниетпен келген жамағатқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz