1 қазан – қарттар күніне орай Қарағанды облысына қарасты Нұра аудандық мешітінің имамы Ерлан Серікұлының ұйымдастыруымен қарияларға құрмет көрсетіліп, арнайы зиярат жасалды.
Шараға мешіттің дін қызметкерлері қатысып, аудан аумағындағы бірқатар қариялардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Зиярат барысында ақсақалдарға жылы лебіздерін білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ғұмырларына береке тіледі. Сонымен қатар, қарияларға арнайы сыйлықтар табысталып, ізгі ниеттерін жеткізді.
Қариялар да мешіт қызметкерлеріне көрсеткен құрметтері үшін алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы