Center Image
IHSAN.KZ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІ ҚАРИЯЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІ ҚАРИЯЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұжымы Әлихан Бөкейхан ауданындағы қарттар үйін арнайы зиярат етті.

Игі шара барысында мешіт наиб имамы Дархан Түменбай ақ жаулықты аналар мен ардақты ақсақалдарды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, қарияларға жеміс-жидек себеттері сыйға тартылды.

Қарияларға құрмет көрсету – үлкенге ізет, кішіге өнеге болатын игі дәстүр. Осындай шаралар арқылы аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың маңызы насихатталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz