Center Image
IHSAN.KZ
«Ар Рахман» мешіті қарттар үйін зиярат етті
«Ар Рахман» мешіті қарттар үйін зиярат етті
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұжымы Қазыбек би ауданындағы қарттар үйін арнайы зиярат етті.

Зиярат барысында мешіт ұжымы қариялармен жүздесіп, ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады. Кездесу барысында үлкендерге құрмет көрсету, оларға қамқорлық таныту және мейірімділік құндылықтарын дәріптеу мақсат етілді.

Қарияларымызға құрмет көрсету – халқымыздың ежелден қалыптасқан игі дәстүрі. Жүздесуде ақсақалдар мен әжелер ақ баталарын беріп, өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.

Алла Тағала барша қарияларымызға денсаулық, ұзақ ғұмыр және берекелі өмір нәсіп етсін!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz