Center Image
IHSAN.KZ
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – БІЛІМГЕ ҚҰРМЕТ
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – БІЛІМГЕ ҚҰРМЕТ
5 қазан – Ұстаздар күніне орай Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұжымы ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтау мақсатында Қарағанды қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектепке арнайы барды.

Аталған білім ордасы Қазыбек би ауданындағы Федоровка ауылында, Борис Орлов көшесі, 101/1 мекенжайында орналасқан.

Кездесу барысында мектеп ұжымына ізгі тілектер айтылып, ұстаздарға құрмет көрсетілді. Мешіт ұжымы білім мен тәрбие саласында еңбек етіп жүрген ұстаздардың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, олардың жас ұрпақтың қалыптасуына қосып отырған үлесін атап өтті.

Алаштың ардақты ақыны, педагог Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі», – деп ұстаз мәртебесін жоғары бағалаған.

Ұстаз – білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, келешек ұрпақтың рухани және зияткерлік дамуына жол ашатын тұлға. Сондықтан ұстаз еңбегін бағалау, олардың қоғамдағы мәртебесін дәріптеу – баршаға ортақ міндет.

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұжымы барша ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбектеріне береке, шәкірттеріне білім мен ізгілік тілейді.

Алла Тағала ұстаздардың игі еңбегін қабыл етіп, білім мен тәрбие жолындағы қызметтеріне береке берсін!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz