Center Image
IHSAN.KZ
Абай мешітінің имамдары Үштөбеде өткен көкпарды тамашалады
Абай мешітінің имамдары Үштөбеде өткен көкпарды тамашалады

«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Қарағанды қалалық Абай аудандық мешітінің имамдары Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылында өткен көкпар додасына арнайы қатысып, ұлттық ойынның көркін тамашалады.

Көкпар – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ол халқымыздың ерлік, ептілік, батылдық пен намыс секілді қасиеттерін дәріптеп, кейінгі ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттауда маңызды орын алады.

Игі шара барысында мешіт имамдары көкпаршыларға сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Ұлттық ойынды тамашалаған жұртшылыққа татулық пен береке тілеп, салт-дәстүрімізді дәріптеудің маңызын атап өтті.

«Дін мен дәстүр» бағыты аясындағы мұндай іс-шаралар ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, өскелең ұрпаққа ата дәстүрді насихаттауға ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz