Ұстаздар күніне орай Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің жанындағы “Олжас Есенұлы” атындағы қайырымдылық орталығының шәкірттері ұстаздарға құрмет көрсетті.
Іс-шара барысында шәкірттер ұстаздардың құрметіне мерекелік дастархан жайып, ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектерін жеткізіп, арнайы сыйлықтарын табыстады.
Мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы шәкірттерге білім алудың және ұстазды құрметтеудің маңыздылығын түсіндіріп, ізгі ниеттері үшін алғысын білдірді.
Шара барысында шәкірттер ұстаз еңбегінің қадір-қасиетін сезініп, білімге деген ынталарын арттыра түсті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы