Center Image
IHSAN.KZ
Абайда «Хава» кітап клубының кезекті кездесуі өтті
Абайда «Хава» кітап клубының кезекті кездесуі өтті
Абай орталық мешітінің әйел жамағаттары арасында рухани-ағартушылық бағыттағы игі бастамалардың бірі — Көкебай қызы Нұриза ұстаздың бастамасымен қолға алынған «Хава» кітап клубы.

Кітап клубының негізгі мақсаты — жамағат арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ислами мазмұндағы тағылымды еңбектерді бірге оқып, олардың тәрбиелік мәнін талқылау арқылы рухани білімді арттыру.

Кезекті жүздесуде қатысушылар оқып шыққан Алау Әділбаевтыі "Саңлақ сахабалар"атты кітабы бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісіп, кітапта қамтылған өнегелі тұстарды талқылады. Әр оқырман кітаптан алған әсері мен өзіне түйген тағылымын ортаға салып, пайдалы ойлармен алмасты.

Кездесу соңында қатысушылар үшін арт-терапия ұйымдастырылды. Қыз-келіншектер сурет салу арқылы кітаптан алған әсерлерін, ішкі ойлары мен түйгендерін шығармашылық тұрғыда жеткізді. Бұл өз кезегінде рухани сұхбатты ерекше мазмұнмен толықтырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осындай тағылымды кездесулер — кітап оқу мен рухани ізденісті насихаттап қана қоймай, жамағат арасында өзара сыйластық пен жақсы қарым-қатынасты нығайтуға да өз үлесін қосады.

Алла Тағала ізгі бастамаларымызға береке беріп, алған білімімізді амал етуімізге себепкер етсін!

Абай орталық мешіті
Рухани тәрбие. Тағылымды білім. Ізгі орта.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz