Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінде Құран және тәжуид дәрістері тұрақты өтуде
Абай аудандық мешітінде Құран және тәжуид дәрістері тұрақты өтуде

Абай аудандық мешітінде жамағаттың Құран Кәрімді дұрыс оқып, оның мазмұнын тереңірек түсінуіне мүмкіндік беру мақсатында «Құран оқуды үйрену» және тәжуид дәрістері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Дәрістер барысында шәкірттерге Құран әліппесі, әріптердің дұрыс айтылуы, дыбыстардың шығу ерекшеліктері және тәжуид ережелері кезең-кезеңімен түсіндірілуде. Сонымен қатар қатысушылар ұстаздың көмегімен Құран сүрелері мен аяттарын дұрыс оқуды тәжірибе жүзінде меңгеріп келеді.

Сабақтарға мешіт жамағатының әртүрлі жастағы өкілдері қатысып, қасиетті Құранды сауатты әрі дұрыс оқуға ынта танытуда. Ұстаздар әр шәкірттің деңгейіне қарай жеке көңіл бөліп, қателерін түзету арқылы оқу машығын жетілдіруге ықпал етуде.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz