Center Image
IHSAN.KZ
Ақадырда «Заң және дін үйлесімділігі» тақырыбында семинар өтті
Ақадырда «Заң және дін үйлесімділігі» тақырыбында семинар өтті

Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Алия Рахманқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында «Заң және дін үйлесімділігі» тақырыбында семинар өтті.


Семинар барысында дін мен заңның қоғамдағы орны, олардың өзара байланысы және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Кездесу барысында қатысушыларға қолданыстағы заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік пен діни құндылықтарды үйлестіру жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.


Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты. Тағылымды кездесу әйелдер жамағатының құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға бағытталды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz