Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінде «Сира» білім сайысы өтті
«Әл-Ғаффар» мешітінде «Сира» білім сайысы өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен мешіттер арасында облыстық деңгейдегі «Сира» білім сайысы өтті.


Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өмір жолы мен өнегесін кеңінен насихаттауды мақсат еткен рухани шара Нұрсұлтан ұстаздың 102 дәрістен тұратын «Сира» циклдік дәрістер желісі негізінде ұйымдастырылды.


Білім додасына өңірдегі 5 мешіттен арнайы дайындалған білімді әрі ізденімпаз топтар қатысты. Сайыс барысында қатысушылар Пайғамбарымыздың ﷺ дүниеге келген кезеңінен бастап, Мекке және Мәдина дәуірлеріндегі маңызды оқиғалар, ғибратты сәттер мен тарихи деректер бойынша білімдерін сарапқа салды.


Қатысушылар тек тарихи даталар мен деректерді жатқа білумен шектелмей, Алла Елшісінің ﷺ өнегелі өмірінен алынатын тағылым мен моральдық сабақтарды терең меңгергендерін көрсетті. Сұрақ-жауап кезеңінде, сондай-ақ тарихи оқиғалардың реттілігі мен себеп-салдарын түсіндіру барысында сайыскерлер жоғары дайындық деңгейін танытты.


Бес мешіт арасында өткен салауатты бәсекелестікпен қатар, өзара бауырластық пен ынтымақтастықтың да жарқын үлгісі қалыптасты.


Әділқазылар алқасы қатысушылардың жауаптарының нақтылығы мен дұрыстығын, сондай-ақ Нұрсұлтан ұстаздың дәрістерінде қамтылған тақырыптарды қаншалықты терең меңгергенін бағалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.


Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен мешіт командаларына арнайы дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz