Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағаттың діни сауатын арттыруға, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған апталық басқосулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолғы кездесу «Дін мен дәстүр – жат ағымға қарсы рухани қорған» тақырыбына арналды.
Кездесуде мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы аталған тақырыпта уағыз-насихат жүргізіп, дін мен дәстүр сабақтастығының маңызын түсіндірді. Ұлттық құндылықтарды қадірлеу мен дұрыс діни түсінік қалыптастырудың жат ағымдардың ықпалынан сақтанудағы орнына тоқталды.
Дінмен үйлескен ізгі дәстүрлер – ұрпақ тәрбиесінің берік негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, туыстық байланысты сақтау, көршіге қамқор болу секілді өнегелер адамды мейірімділік пен жауапкершілікке тәрбиелейді. Осындай құндылықтарды дәріптеу қоғамдағы ауызбіршілік пен өзара сыйластықты нығайта түседі.
Апталық рухани басқосулар жамағаттың білімін толықтырып қана қоймай, бауырмалдық қарым-қатынасын бекемдеуге де мүмкіндік береді. «Нұр» мешітінде діни сауаттылықты арттыруға және жат ағымдардың алдын алуға бағытталған уағыз-насихат жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы