Center Image
IHSAN.KZ
ОТБАСЫ – БАҚЫТ ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ТІРЕГІ
ОТБАСЫ – БАҚЫТ ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ТІРЕГІ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Отбасы – бақыт пен берекенің тірегі» тақырыбында дәстүрлі бейсенбілік рухани дастархан өтті.

Рухани кездесудің негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, жанұядағы сыйластық пен өзара құрметтің маңызын насихаттау, сондай-ақ қоғамдағы рухани бірлікті нығайту.

Дастархан барысында отбасының адам өміріндегі орны, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік, ата-анаға құрмет және бала тәрбиесі жөнінде тағылымды әңгімелер айтылды. Жиналған жамағатқа отбасы берекесін сақтаудың маңызы түсіндіріліп, насихаттық бағытта пайдалы кеңестер берілді.

Осындай рухани басқосулар жамағат арасындағы бауырмалдықты арттырып, ізгілік пен имандылық құндылықтарын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Алла Тағала әрбір отбасына береке, татулық, мейірім мен баянды бақыт нәсіп етсін! 

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz