Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында мешіт жамағаты мен жастардың басын қосқан рухани-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараны «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы ұйымдастырып, жамағатқа арнайы дастархан жайылды.
Кеш барысында қатысушылар ұлттық ойындарға қатысып, өзара бақ сынасты. Жеңімпаздарға естелік кәдесыйлар табысталды. Сонымен қатар нақылға толы жыр-термелер орындалып, халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы кеңінен түсіндірілді.
Тағылымды басқосу ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жастардың бойына имандылық пен ізгілік қасиеттерін сіңіруге, сондай-ақ дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығын насихаттауға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы