Ұлттық мереке – Республика күніне орай Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Ақтүбек ауылдық мешітінде мешіт жастары арасында волейболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық мерекенің маңызын ұғындыру және өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Спорттық сайыс барысында жастар өзара бақ сынасып, командалық бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Сонымен қатар мереке құрметіне жастарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы таратылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы