Center Image
IHSAN.KZ
«Ғыйзат қажы» мешітінде ұлттық мерекеге орай игі шара өтті
«Ғыйзат қажы» мешітінде ұлттық мерекеге орай игі шара өтті

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылындағы «Ғыйзат қажы» мешітінде ұлттық мереке – Республика күніне орай мешіт шәкірттеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы табысталды.

Игі шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және елдік құндылықтарды дәріптеу.

Мұндай тағылымды бастамалар өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz