Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылының Мәдениет үйінде «Ғыйзат қажы» мешітінің ұйымдастыруымен ұлттық мереке – Республика күніне орай тағылымды іс-шара өтті.
Рухани-танымдық басқосуға ауылдың Әжелер алқасы мен Аталар алқасының өкілдері қатысып, елдік құндылықтар мен ұлттық дәстүрлердің маңызы сөз болды.
Шара барысында туған жерге деген сүйіспеншілік, ұрпақ тәрбиесі, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өнеге ету жөнінде ой-пікірлер айтылды.
Тағылымды кездесу Республика күні мерекесінің мән-маңызын арттырып, ауыл тұрғындары арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы