25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен футболдан спорттық жарыс өткізілді.
Спорттық шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ өзара достық пен бірлікті нығайту.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін, ептіліктері мен командалық ұйымшылдығын көрсетті. Тартысты өткен ойындарда командалар жеңіске деген жігер танытып, өзара сыйластық пен әділ бәсекенің үлгісін көрсетті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы