Center Image
IHSAN.KZ
«Шүкіршілік – нығметті сақтайтын қасиет» тақырыбында насихат айтылды
«Шүкіршілік – нығметті сақтайтын қасиет» тақырыбында насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Шүкіршілік – нығметті сақтайтын қасиет» тақырыбында жамағатқа рухани-танымдық насихат айтылды.

Уағыз барысында шүкіршіліктің адам өміріндегі маңызы, Алланың берген нығметтерін бағалау және әрбір игілікке разы болудың мәні түсіндірілді. Сондай-ақ қолда барға қанағат етіп, жақсылыққа шүкіршілік таныту мұсылманның көркем мінезі мен имандылығының белгісі екені атап өтілді.

Құран Кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 7-аятында: «Егер шүкір етсеңдер, нығметімді арттыра түсемін» деп баяндалады. Аталған аят шүкіршіліктің қадір-қасиетін айқындап, адам баласын Алланың берген нығметтерін бағалай білуге үндейді.

Шүкіршілік – жүрекке тыныштық, тіршілікке береке сыйлайтын асыл қасиет. Насихаттың негізгі мақсаты – жамағатты қанағатшылдыққа, ризашылыққа және ізгі амалдарға үндеп, рухани құндылықтарды дәріптеу.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz