Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жамағат арасында жат діни ағымдардың зияны мен олардың қоғамға тигізетін кері әсерінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында теріс діни ағымдардың пайда болу себептері, олардың жастардың дүниетанымына ықпалы, діни сауатсыздықтың салдары және қоғамдағы алауыздыққа алып келетін әрекеттері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, дінді дұрыс түсіну, діни білімді білікті әрі сенімді ұстаздардан алу, күмәнді ақпараттарға ермеу және әлеуметтік желілерде таралатын теріс діни насихаттардан сақтанудың маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ ата-бабамыздан жалғасқан дәстүрлі Ислам құндылықтарын сақтау, Әбу Ханифа мәзһабының ұстанымдарын басшылыққа алу және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағыт-бағдарын негізге алу қажеттігі атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы