Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ МӘЙІТТІ ЖУЫНДЫРУ ЖӘНЕ КЕБІНДЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ МӘЙІТТІ ЖУЫНДЫРУ ЖӘНЕ КЕБІНДЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Абай аудандық мешітінде жамағатқа арналған мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімдеріне қатысты танымдық әрі практикалық сабақ ұйымдастырылды.

Іс-шараны Абай аудандық мешітінің найб имамы Жардыбайұлы Ережеп ұйымдастырып, мешіт жамағаттарымен арнайы кездесу өткізді.

Семинар барысында ислам дініндегі жаназа рәсімдерінің маңыздылығы түсіндіріліп, мәйітті шариғат талаптарына сай жуындыру, кебіндеу тәртібі және осы рәсімдерді орындау барысында ескерілетін маңызды мәселелер кеңінен баяндалды.

Сонымен қатар қатысушыларға мәйітті жуындыру мен кебіндеудің практикалық жолдары көрсетіліп, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Мұндай тағылымды кездесулердің мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, мұсылмандық міндеттерді дұрыс орындауға үйрету және өмірден өткен мұсылман бауырларға соңғы құрметті шариғат талаптарына сай көрсетудің маңыздылығын ұғындыру.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz