Отбасы – қоғамның негізі, ұлттың тірегі. Отбасындағы татулық пен берекені сақтау, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністікті нығайту және түрлі отбасылық мәселелердің алдын алу мақсатында Әл-Ғаффар қалалық мешітінде «Отбасына кеңес беру орталығы» өз жұмысын бастады.
Аталған орталықта отбасылық қарым-қатынас, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, бала тәрбиесі және отбасындағы жауапкершілік мәселелері бойынша кеңестер беріледі.
Орталықтың басты мақсаты – шаңырақтың шайқалмауына ықпал ету, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ерлі-зайыптыларға рухани әрі тағылымдық тұрғыда қолдау көрсету.
Берекелі отбасы – берік қоғамның негізі!
Алла Тағала әр шаңыраққа тыныштық, татулық пен береке нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы