Ақтоғай ауданының бас имамы Қапас Еркін Әуелбекұлы Ақтоғай ауылдық әкімдігінің қызметкерлерімен «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында рухани-танымдық кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық бірлік пен рухани тұтастықты нығайту.
Шара барысында бас имам Отанға деген сүйіспеншіліктің ислам дініндегі орнына тоқталып, туған жерді қадірлеу, ел тыныштығын сақтау, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну және адал еңбек етудің маңыздылығы жөнінде насихат айтты.
Сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды сақтау, қоғамдағы татулық пен өзара сыйластықты нығайту мәселелері кеңінен қозғалды.
Тағылымды кездесу елге қызмет етудің жауапкершілігін түсіндіруге, отансүйгіштік рухты арттыруға және адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы