Ақтоғай ауданының имамы Еркін Әуелбекұлының ұйымдастыруымен Ардагерлер үйінде Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, құдайы ас беру кезінде шариғат талаптары мен ұлттық салт-дәстүрді үйлестіру мәселелері түсіндірілді.
Атап айтқанда, ас беру рәсімдерінде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау, дастархан мәзірін біріздендіру және ас берудің рухани мәніне басымдық беру жөнінде насихат айтылды.
Сонымен қатар, дін мен дәстүр сабақтастығы, қоғамда өнегелі ас беру мәдениетін қалыптастыру және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы сөз болды.
Кездесудің басты мақсаты – ҚМДБ ұсынған ас беру мәдениетін кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамда ысырапсыздық пен қарапайымдылық қағидаларын қалыптастыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы