Center Image
IHSAN.KZ
АҚТОҒАЙ АУДАНЫНДА СӘБИГЕ АЗАН ШАҚЫРЫЛЫП, ЕСІМІ ҚОЙЫЛДЫ
АҚТОҒАЙ АУДАНЫНДА СӘБИГЕ АЗАН ШАҚЫРЫЛЫП, ЕСІМІ ҚОЙЫЛДЫ

Ақтоғай ауданының имамы Еркін Әуелбекұлы «Дін мен дәстүр» бағыты аясында дүниеге келген сәбиге азан шақырып, есімін қойды.

Игі шара барысында имам ислам дініндегі балаға көркем есім берудің маңыздылығына тоқталып, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүрдің рухани мәнін түсіндірді.

Сондай-ақ сәбидің құлағына азан шақырылып, есімі қойылғаннан кейін оның дені сау, ғұмыры ұзақ, иманды, тәрбиелі әрі елге пайдалы азамат болып өсуін тілеп, арнайы дұға жасалды.

Аталған шара – халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі мен ислам құндылықтарының өзара сабақтастығын көрсететін өнегелі амалдардың бірі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz