Center Image
IHSAN.KZ
ҚУАНЫШ АУЫЛЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗИЯНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ҚУАНЫШ АУЫЛЫНДА  ОҚУШЫЛАРҒА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗИЯНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ақтоғай ауданына қарасты Қуаныш ауылының имамы Бауыржан Сейдуәлиұлы мектеп оқушыларымен кездесіп, нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

Шара барысында имам нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ ислам дінінде адам өмірі мен денсаулығын сақтау маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өтіп, жастарды теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Сонымен қатар, оқушыларға бос уақытты тиімді пайдалану, білімге ұмтылу, дұрыс орта таңдау және болашаққа жауапкершілікпен қарау жөнінде тағылымды насихат айтылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz