Center Image
IHSAN.KZ
САРЫШАҒАН КЕНТІНДЕ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
САРЫШАҒАН КЕНТІНДЕ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Сарышаған мешітінің имамы Ғабит Өмірзақов мешіт асханасы мен «Арыстан» кафесінің иесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әзірлеген «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырды.

Кездесу барысында құдайы ас беру кезінде шариғат талаптары мен ұлттық салт-дәстүрді үйлестіру, ысырапшылдыққа жол бермеу, дастархан мәзірін біріздендіру және қарапайымдылық қағидаларын сақтау мәселелері түсіндірілді.

Сондай-ақ имам ас берудің негізгі мақсаты марқұмның рухына Құран бағыштап, дұға жасау, жақындарына көңіл айту және көпшілікке ғибрат болатын ізгі амалдарды дәріптеу екенін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz