Center Image
IHSAN.KZ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ДӘРІС ӨТТІ
«ӘЛ-МАШАНИ» МЕШІТІНДЕ МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ДӘРІС ӨТТІ

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде  «Олжас Есенұлы» атындағы қайырымдылық орталығының шәкірттеріне мәйітті жуындыру және кебіндеу тәртібі бойынша арнайы дәріс өткізілді.

Дәріс барысында шәкірттерге мұсылман адам дүниеден өткеннен кейін атқарылатын діни рәсімдер, мәйітті шариғат талаптарына сай жуындыру, кебіндеу тәртібі және жаназаға қатысты діни үкімдер кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, марқұмның денесіне құрметпен қарау, мәйітті арулап ақтық сапарға шығарып салу кезінде әдептілік пен жауапкершілікті сақтау, сондай-ақ бұл міндеттің ислам дініндегі маңыздылығы жөнінде тағылымды насихат айтылды.

Аталған дәріс шәкірттердің діни сауаттылығын арттыруға, жаназа рәсімдеріне қатысты білімдерін жетілдіруге және шариғат талаптарын дұрыс меңгеруіне бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz