Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде әдеп және көркем мінез тақырыбындағы діни дәрістер жалғасуда.
Дәрістің басты мақсаты – жамағаттың рухани білімін арттыру, ислам дініндегі әдеп пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу және көркем мінез қалыптастыруға баулу.
Сабақ барысында мұсылман адамның күнделікті өмірде ұстануы тиіс әдеп қағидалары, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-анаға құрметпен қарау, сабырлылық, кішіпейілділік және өзара сыйластық мәселелері кеңінен түсіндірілуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы