Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан рухани сайыс ұйымдастырылды.
Қасиетті Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру, мұсылман жамағатын Алла Тағаланың қасиетті кітабын оқып-үйренуге ынталандыру және Құран оқу мәдениетін дәріптеу мақсатында өткен тағылымды шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Рухани дода барысында қатысушылар Құран Кәрім аяттарын жатқа оқып, көркем дауысымен, оқу мәнерімен және тәжуид ережелерін сақтау шеберлігімен сынға түсті. Қатысушылардың дайындығы мен Құранға деген ерекше ықыласы сайыстың рухани маңызын арттыра түсті.
Сайыстың басты ерекшелігі – жеңімпаздарға тағайындалған бағалы сыйлықтар болды.
Атап айтқанда:
- Бас жүлде – қасиетті Ұмра қажылығына жолдама;
- ІІ орын – теледидар;
- ІІІ орын – тоңазытқыш.
Бұл бағалы сыйлықтар қатысушылардың Құран жолындағы еңбегін бағалап, қасиетті кітапты жаттауға және көркем оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталды.
Аталған рухани шара Құран Кәрімнің ұлылығын ұлықтап, жамағат арасында имандылық пен ізгілік құндылықтарын насихаттауға зор үлес қосты. Сондай-ақ көпшілікті қасиетті Құранмен етене жақындасуға, оның тағылымын күнделікті өмірде басшылыққа алуға үндеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы