Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің «Ислам және адал қоғам» атты еңбегіне арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында мешіт имамы аталмыш кітаптың негізгі идеялары мен көтерілген мәселелеріне тоқталып, жамағатқа еңбектің мазмұнын кеңінен таныстырды. Әсіресе, мұсылман баласының бойында адалдық, әділдік, аманатқа беріктік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар қоғамдағы өзекті мәселелер, отбасындағы тәрбие, сауда-саттықтағы адалдық, еңбекке деген жауапкершілік және адамдар арасындағы өзара сенім тақырыптары қозғалды.
Басқосу барысында адал қоғам қалыптастыру әрбір адамның өзінен басталатыны, ізгілік пен әділеттілікті өмірлік ұстанымға айналдырудың маңызы ерекше екені айтылды.
Кездесу соңында жамағатқа кітапта қамтылған тағылымды тұжырымдарды терең зерделеп, айтылған өсиеттерді күнделікті өмірде жүзеге асырудың маңыздылығы насихатталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы