Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің шәкірттері «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен өткен «Құран – мәңгі мұғжиза» атты Құран сайысында жүлделі орындарға ие болды.
Жастардың Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігін арттыру және діни білімдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған сайыс «Шәмс» сүресінен «Нәс» сүресіне дейінгі аралықты қамтыды.
Сайыс барысында шәкірттер Құран сүрелерін жатқа оқып, өз білімдері мен шеберліктерін ортаға салды.
Жарыс қорытындысы бойынша «Бала қажы» мешітінің шәкірттері І және ІІІ орындарды иеленді.
Аталған жетістік – шәкірттердің білімге деген ынтасы мен ұстаздарының жүйелі еңбегінің нәтижесі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы