Center Image
IHSAN.KZ
Қайырымдылық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті жолдауында «мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды өмір сүруіне Қазақстан жерінде ешқандай кедергі болмауы керек» деген үндеуіне байланысты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазретімізде үстіміздегі жылда еліміздегі мешіттерде қайырымдылық іс-шараларын көптеп ұйымдастыруды тапсырған болатын. Осы орайда Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Аманжолов Марат қажының ұйымдастыруымен, демеушілердің қолдауымен көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді. Күнделікті қолданылатын азық-түліктермен: тұз, макарон өнімдері, сүт, шәй, сұйық май, күріш, қант, сары май, жеміс-жидектермен де қамтамасыз етіп, оларға арнайы барған мешіттің найб имамдары Тусупбеков Асылхан қажы, Ақбанов Нұрхан және мешітіміздің жамағаты Құдайбергенов Есенбек ақсақал отбасыларына бақыт, береке тілеп ізгі тілектерін арнады.

[gallery ids="5585,5586,5587"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz