Жастар арасындағы діни жат ағымдардың өрбуі қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Осындай жат ағым, бағыттардың алдын алу үшін университетке түскен Энергетика және телекоммуникациялар факультеті, Экономика және менеджмент факультеті, Әскери-техникалық факультетінің бірінші курс студенттеріне дәстүрлі дін мен теріс ағымдар туралы толық анықтама, түсінік беру мақсатында 2013-2014 оқу жылына арналған „Теріс діни ағымдардың жастарға ықпалы және оның алдын алу шаралары„ тақырыбында жастармен кездесу жоспары жасалынды. Осыған байланысты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен, сәуір айының 16 жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітінің теологы Тағаев Нурбол бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Не себепті жастардың теріс жолға түсіп жатқандығы және алдын-алу шаралары жайлы уағыз жүргізіп, сұрақтарға тұщымды жауап берді. Осы жылғы жоспар бойынша, әлі бірталай кездесулер жүргізілмекші.
[gallery link="file" ids="5972,5973,5974"] Талғат Олжас Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Жастар саясаты жөніндегі департаменті директорының орынбасарыТеолог бірінші курс студенттерімен жүздесті