Center Image
IHSAN.KZ
Ислам - кішіпейілдікке үндейді!

Ислам қарапайымдылықты нұсқайды. Әдепсіздік істерден және заңсыз әрекеттерге тиым салады. Ислам - кішіпейілдікке үндей отырып, жамандыққа жақсылықпен жауап беруді бұйырады. Ислам шариғатының басты мақсаты – адам баласының құқығын, өмірін, отбасы мен дүние мүлкін қорғау болып табылады. Дін – адам баласының рухани жан дүниесінің айнасы, рухани мәдениетті қалыптастырушы ғана емес, ол сондай-ақ бүгінгі күні түрлі ұлттар мен ұлыстардың басын қосып біріктіру қызметін де орындап жатыр. Қазақстанға асыл дініміз Ислам келген уақыттан бастап, халықтың рухани һәм әлеуметтік әлеуеті, мәдени мұралары, салт-санасы, әдет ғұрыптары кемелденіп өсіп-өркендеп келеді. Осындай Ислам дінінің нақты мақсатын жеткізу мақсатында «Тамақ және сервис колледжі» жастармен кездесу өтті. Айтулы шараға «Бала қажы» мешітінің найб имамы Дариев Берік Әлсейітұлы және басқа да білікті өкілдер қатысты.

[gallery link="file" columns="2" ids="6171,6172"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz