Center Image
IHSAN.KZ
Мешіт ауласына гүл егіліп көркейтілді

Көктемгі кезеңнің мамыр айы көгалдандыруға оңтайлы уақыт. Осы қолайлы уақытты тиімді пайдаланған №1-мешіт ұжымы ағаш егуді аяқтап, енді гүлдендіру ісін қолға алды. Жер талғайтын өсімдікке арнап, өңделген қара топырақ жайылды. Мешіттің бас имамы Орманбет қажы мешіттегі апалар қауымын жұмылдырып, ақ жаулықты аналардың қолымен көздің жауын алатын түрлі-түсті нәзік гүлдерді құнарлы топыраққа отырғызуды іске асырды. Енді оны алдағы уақытта күтіп баптау мешіт қызметкерлерінің жұмыс кестесіне енгізілді.

[gallery link="file" ids="6617,6618,6619"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz