Center Image
IHSAN.KZ
Облыстық мешітте арнайы дәріс өткізілді
Бас мүфти  Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тың бастамаларымен жүзеге асып жатқан республикалық ақпараттық насихаттық тобының (РАНТ) іс-шаралары Қарағанды өңірінде өкіл имам Өмірзақ қажының ұтымды ұйымдастыруымен өндіріліп іске асып жатыр. Облысқа арнайы іссапармен келген ҚМДБ-ның «Дін және тәрбие» бөлімінің меңгерушісі, «Нұр-Мүбарак» Ислам университетінің оқытушысы Рақымжан Әкімбеков Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстаздары мен имамдарына  мол сабақтар мен семинарлар  өткізді. Ұстаз сабақ өткізу барысында «Уақыттың құндылығы» тақырыбын кеңінен қозғап, келелі мәселерге тоқталып өтті. Ары қарай Қарағанды облысына қарасты барлық имамдарға арнайы дәрістер мен сұхбаттар жүргізу үшін жиындар  ұйымдастырылды. [gallery link="file" ids="12513,12669,12670"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz