Center Image
IHSAN.KZ
ҚМДБ: Имам-молдалардың қызметтік этикасы қабылданды
ҚМДБ: Имам-молдалардың қызметтік этикасы қабылданды
cb0d6dcff648cca1079d91b9cb16add9Алматыда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінде дін қызметкерлерінің этикасы қабылданды. Діни басқарма тарихында тұңғыш рет қабылданған құжатта мынадай мәселелер қамтылған: - имамдардың заманауи ақпарат құралдарын, ғаламтор, байланыс құралдарын жете меңгеруі, шешендік өнер, сөйлеу әдебін игеруі; - мешітке келушілерге көркем мінез көрсетуі, олардың өтініштері бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруы; - жұмыс уақытын тиімді пайдалануы, жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсап, белсенді болуы, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да тиімді әдістерін қолдануы; - өзін жан-жақты дамытуы, қосымша ілім алуы, дүниелік ілімдерді меңгеруі, үгіт-насихат жұмыстарында уағызды Қазақстан тарихымен, салт-дәстүрмен, әдеп-ғұрыппен, би-шешендердің қанатты сөздерімен, мақал-мәтелдермен ұштастырып, қазақ халқының ұлы тұлғаларының (әл-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұни, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, т.б.) өсиетті өлеңдері мен ғибратты әңгімелерімен көркемдеп айтуы; - ұжымда іскерлік танытып, қызметкерлер арасындағы ынтымақ, бауырмалдық құндылықтарды арттыруға ықпал етуі, олардың отбасы, әлеуметтік жағдайына мән беруі, ұжымда кез-келген мәселе көрініс берген жағдайда дер кезінде орынды, оңтайлы шешім қабылдауы; - отбасына мұсылмандық тәрбие беруі, олардың киім кию әдебіне, зайырлы білім алуына көңіл бөлуі; - көршілермен, туған-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болуы, оларға әрдайым құрмет көрсетуі, қайғысы мен қуанышына үнемі ортақтасып отыруы; - қоғамға отбасымен үлгі бола білуі; - жақсы істерге, қайырымдылық шараларға әрдайым өзі бастамашыл болуы, қоғамды ізгілікке бастауы; - қоғамдық іс-шараларға қатысып, белсенділік танытуы керек. Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ, ҚМДБ баспасөз хатшысы

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz