Center Image
IHSAN.KZ
ҚМДБ: Сайт қызметкерлерінің алғашқы бас қосуы өтті (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты діни сайттардың әкімгерлерінің қатысуымен семинар-тренинг өтті.

Келелі жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы қатысып, діни ақпараттың жандануына үлес қосып жүрген сайт қызметкерлерінің діни сауаты мен біліктілігін арттыруға қатысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп: «Ислам дінінің құндылығын халыққа жеткізу – өте нәзік дүние. Бұл салаға асқан жауапкершілікпен қараумыз қажет. Сондықтан, діни басқармаға қарасты ақпарат құралдарының жұмысын жүйеге келтіріп, бір ізге салу өте маңызды»,- деді.

Жиын барысында, ҚМДБ-ның ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалықов, Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан діни сайттардың жұмысын жандандыру мен деңгейін арттыру бағытында бірнеше игі жобаларды ортаға салып,  ортақ iстi нәтижелi жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, сайт әкімгерлері Исламды насихаттау, діни білімді халыққа дұрыс жеткізу бағытында пікір алмасып, Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Бауыржан Әлиұлы сайтқа келіп түсетін діни сұрақтарға жауап беру мәселесі бойынша тренинг өткізді.

[gallery link="file" ids="15632,15633,15634,15635,15636,15637,15638,15639"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz