Center Image
IHSAN.KZ
«Жерлесіңе жәрдемдес» тақырыбында қайырымдылық шарасы өтті

ҚМДБ-ның басты бағыттарының бірі қайырымдылық іс- шаралар болып табылады. Айтпай келетін тілсіз жау табиғи апатқа ұшырағандарға көмектесуді мақсат тұтқан  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы өңір имамдарына қара судан зардап көргендерге қол ұшын беруді тапсырған болатын. Облыс төңірегін дүрліктіріп адамдардың  зәре-құтын қашырған табиғи апатқа  Саран қалалық мешітінің ұжымы «Жерлесіңе жәрдемдес!» қайырымдылық қорын құрып, «Жерлесімді қорғаймын, қолда бармен қолдаймын»-деп барынша көмек көрсетуді бастады.

Саран қалалық мешітінің бас  имамы Мұқамедқали қажы Сапарғалиұлы және Саран мешіті қызметкерлерінің ұйытқы болуымен Бұқар жырау ауданына қарасты "Жастілек" ауылында орын алған апатты жағдайға душар болған ағайындарымызға азық-түліктер, киім-кешектер, төсек-орындар т.б. тұрмысқа жарамды деген  заттар таратылды. Осы акцияға Бұқар Жырау аудық мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлы  қатысып, Құран оқып, ақ батасын берді.

[gallery link="file" ids="15984,15985,15986,15987"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz