Center Image
IHSAN.KZ
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ-РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМІЗ-РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! 

Баршаңызды егемен еліміздің басты әрі ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр отбасыға бірлік пен береке, қуаныш пен татулық тілеймін!

Республика күні мерекесін атап өтуді әр азамат өзінің отбасынан бастағаны абзал. Өйткені бұл – халқымыздың азаттыққа ұмтылысы мен ел тағдырына жауапкершілікпен қараған тарихи күн! Сонымен қатар бұл мемлекет ретінде қалыптасуымыздың алғашқы қадамы, ел еркіндігінің бастауы болды.

Республика күні – рухымызды көтеріп, егемен елдің еңсесін тіктейтін сәт. Бұл уақытта өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Өйткені егемендік – ел үшін жанын берген ерлердің ерлігімен келген ұлы күн. Оны бүгінгі ұрпақ ұмытпауға тиіс. Сондықтан ұрпағымызды барынша отаншыл болуға тәрбиелеуге тырысайық. Ізгілердің «Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөзінде үлкен мағына жатыр. 

Құрметті жамағат!
Егемен еліміздің болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Алаш жұртының алға қойған мақсаты орындалғай. Әр отбасыдан бақ пен береке кетпесін. Республика күні құтты болсын!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz