Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінің наиб имамы Есмағанбетов Қуаныш Тлеубекұлы «Жүрек тазалығы – иман нұры» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Уағыз барысында жүректің тазалығы иманның кемелдігіне жетудің негізгі шарты екені, мұсылман адамның ішкі дүниесін көркем мінез, сабыр, шүкір және ықыласпен тазартуы қажет екені кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ жамағатқа күнәдан сақтану, біреуге қиянат жасамау, кешірімді болу және Аллаға шынайы тәуекел ету арқылы жүрекке иман нұрын орнықтырудың маңызы насихатталды.
Уағыз соңында мешіт имамы Жумагулов Рашид “Төле би” бабаның атынан оқылған Құран Хатым бағыштап, дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы