Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде ұстаз Бақыт Амантайқызының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында жүрекке тыныштық сыйлайтын шопперге сурет салу мастер-классы өткізілді.
Шара тек шығармашылықпен шектелмей, қатысушылардың ішкі жан дүниесіне үңілуіне, ойды тыныштандырып, жүрекке жылу сыйлауға бағытталды.
Мастер-класс барысында әрбір қатысушы өз шопперіне тек сурет қана емес, ниетін, сезімін, ішкі әлемін бейнеледі. Қылқалам мен бояу арқылы Алланы еске алу, сабыр мен шүкірлік, үміт пен сенім секілді рухани ұғымдар көрініс тапты. Әрбір сызық – ойдың тазалығын, әрбір түс – жүректің күйін білдіргендей әсер қалдырды.
Шара ұстаздар үшін рухани жағынан шабыт беріп, шығармашылық пен имандылықты ұштастыруға мүмкіндік берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы