Center Image
IHSAN.KZ
Зағип жандарға арналған кітапханаға Брайль қарпіндегі кітаптар сыйға тартылды
Зағип жандарға арналған кітапханаға Брайль қарпіндегі кітаптар сыйға тартылды

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен, «Зекет және қайырымдылық» қоры және Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен Қарағандыдағы зағип жандарға арналған кітапханаға Брайль әдісімен оқитын Құран әліппесі мен Құран кітабы табысталды.

Шараға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы арнайы қатысты.

Бас мүфти дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында зағип жандардың Брайль әдісі арқылы Құран оқуына жағдай жасау қажеттігін тапсырған болатын.

Осы тапсырма аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешіті Брайль әдісімен Құран оқу курсын ашып,  тұрақты дәріс жүргізіліп келеді.

Бұл курс зағип жандарға Құран оқу мүмкіндігін ашып қана қоймай, олардың рухани өмірін байытып, діни білімі мен имандық тәрбие алуына мүмкіндік береді. 

Шара барысында  зағип жандар өздерінің шексіз ризашылықтарын жеткізіп, игі бастаманы жүзеге асырған дін қызметкерлеріне риясыз алғыс білдірді.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz