Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде мешіт имамы Ермахан Оралбай Әділбекұлының бастамасымен жас балаларға Құран Кәрім сыйлау шарасы өтті.
Игі шара барысында мешіт ұстазы Қажымов Дамир жас шәкірттерге Құран Кәрімді табыстап, арнайы дастархан жайылды. Кездесу кезінде балаларға имандылық, білімге құштарлық пен көркем мінезді бойға сіңіру жайында тағылымды насихат айтылды.
Аталған бастама жас ұрпақтың жүрегіне Құранға деген сүйіспеншілікті ұялату, рухани тәрбие беру және діни құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған маңызды рухани шаралардың бірі болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы