Center Image
IHSAN.KZ
Ұлттық спорт пен салауатты өмірге баулу: Қазақ күресінен сайыс өтті
Ұлттық спорт пен салауатты өмірге баулу: Қазақ күресінен сайыс өтті

Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен дін мен дәстүр бағыты аясында жастар арасында қазақ күресінен сайыс өтті.

Аталған сайыстың негізгі мақсаты - қазақтың ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жастарды салауатты өмір салтына баулу, сондай-ақ рухани әрі тән саулығын қатар дамыту болды. Жарыс барысында қатысушылар өзара күш сынасып, шеберліктерін көрсетті.

Игі шара жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, спорт пен руханиятты ұштастырған тағылымды бастама ретінде жоғары бағаланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz