Center Image
IHSAN.KZ
ОСАКАРОВКА АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН РАХЫМ АЙЫ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ
ОСАКАРОВКА АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН РАХЫМ АЙЫ» АТТЫ САЙЫС ӨТТІ

Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан рахым айы» атты сайыс өткізілді. Шара аясында жас қатысушылар ахлақ пәнінен білімдерін көрсетіп, Алланың 99 көркем есімін жатқа айту бойынша өз қабілеттерін сынады.

Мешіт ұстазы Дүйсенбай Ақбота Қайратқызының жетекшілігімен өткен сайыс тартысты әрі қызықты жағдайда өтті. Барлық қатысушыларға арнайы мадақтама қағаздары мен «Рамазан сыйы» үлестіріліп, олардың белсенділігі мен білімге деген құлшынысы атап өтілді.

Шараның мақсаты – балалар мен жас жеткіншектерді діни білімге баулу, Құран мен хадистердің мәнін түсіндіру және қасиетті Рамазан айының рухына сай тәрбие беру болды. 



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz