ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның мамандары Қарағанды қаласында орналасқан «Карагандинский мелькомбинат» ұн өндірісінде халал сертификатын рәсімдеу мақсатында арнайы аудит жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында өндіріс үдерісі, шикізат қабылдау және сақтау шарттары, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы қаралды. Кәсіпорын халал стандартына сай қызмет атқаруға ниет білдіріп, тиісті келісімшарт жасасты.
Бас мекемеден келген технолог мамандар цехтардың жұмысымен танысып, қызметкерлерге халал талаптары мен өндірістік стандарттарды түсіндірді. Қажетті құжаттар рәсімделіп, тиісті нұсқамалар берілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы