Center Image
IHSAN.KZ
Нұр мешітінде «Бір күнде бір отбасыға көмек» атты қайырымдылық акциясы бастау алды.
Нұр мешітінде «Бір күнде бір отбасыға көмек» атты қайырымдылық акциясы бастау алды.
Аталған игі іс-шара мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен және жамағаттың демеушілігімен жүзеге асуда. Акцияның басты мақсаты – күн сайын бір мұқтаж отбасыға нақты көмек көрсетіп, олардың тұрмыс жағдайына аз да болса жеңілдік жасау.

Қасиетті айларда жасалған әрбір қайырымдылықтың сауабы еселенетіні белгілі. Осы ретте мешіт жамағаты ауызбіршілік танытып, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды үлестіруді қолға алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, мүмкіндігінше көп отбасыға қолдау көрсету жоспарланып отыр. Қайырымдылыққа үлес қосамын деушілерге мешіт әкімшілігі әрдайым ашық.

Алла тағала жасалған әрбір игі істі қабыл етіп, берекесін арттырсын!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz